Берілген оқу құралы ҚРҒжБМ бекіткен типтік оқу бағдарламасы негізінде қазақ тілі пәні бойынша жасалған оқу силлабусы бойынша  жазылған. Аталған еңбек  оқу силлабусының 1-семестрі бойынша жазылған практикалық сабақтардың тақырыптарын қамтиды.  Оқу құралында әрбір сабақтың   лексикалық тақырыбы  беріліп, соған сай әртүрлі  деңгейдегі тапсырмалар жинақталған. Еңбекте тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау арқылы білім алушы қазақ тілінің  практикалық және кәсіби мақсатта қолдануына мүмкіндік беретін тілдік дағды, машықтарға қол жеткізе алады. Аталған еңбекте «ПОҚ арасында ЖОО гранты бойынша конкурстық ғылыми-зерттеу жұмыстарын және Азаматтық Авиация Академиясының білім алушылары арасында стартап жобаларды бекіту туралы» № 94, 9.04.2024 жылғы бұйрығы негізінде бекітілген «Азаматтық авиация саласы мамандарының тілдік коммуникациясын жоғарлату әдістемесін талдау және психолингвистикалық мәселелерді зерттеу» атты ғылыми жобаның нәтижелері бойынша да тапсырмалар берілген.